Республикалық «Жұлдызды қолтаңба» байқауының жеңімпаздары

 Эльмира Ахметова

      Жуықта  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» «Жұлдыз Star» республикалық шығармашылық орталығымен бірлесіп,  республикалық көпжанрлы «Жұлдызды қолтаңба» өнер байқауының облыстық іріктеу кезеңін өткізді.        
 Өнер байқауына әлеуметтік әлсіз топтарынан шыққан (жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасы) 5-18 жас аралығындағы 600-ден астам талантты жастар  «Көркемсөз», «Эстрадалық вокал»,  «Дәстүрлі ән»,  «Аспапта орындау»,  «Хореография»,  «Қолөнер және бейнелеу өнері»,   «Жазба жұмыстары»  кезеңдерінен сынға түсті. 
  Байқауға Райымжан Мәрсеков атындағы орта мектебінен Ақжүніс, Ақерке Жұмаш,  Ернұр, Фариза, Замира Есеновтар, Қуаныш Мұхамеджан, Ынтымақ Сұлушаш, Таңсық Ерболатова, Аружан Қуат, Алихан Төлегенов қатысты.
   «Жұлдызды қолтаңба» өнер байқауында  Ақжүніс Жұмаш «Жетім» монологын мәнерлеп жүрегімен жеткізе біліп, Бас жүлдені жеңіп алса, Қуаныш Мұхамеджан  «Эстрадалық вокал» жанрында өз өнерін көрсетіп Бас жүлдеге ие болды. 600  өнерлі жастардың ортасынан суырылып шығып, әділқазылардың оң бағасына ие болған Ақжүніс пен Қуаныш Алматы қаласында өткізілетін «Жұлдызды Қолтаңба» республикалық көпжанрлы телевизиялық фестиваліне қатысуға мүмкіндік алды.
    Ал, қалған сегіз үміткер үздік өнер көрсеткендері үшін түрлі номинациаларға ие болып, марапатталды. 


 

Категории: