Сахналық киімдерге демеушілік жасады

       Адам өмірі халқына сіңірген еңбегі, қоғамға қосқан өнегелі істерімен өлшенбек. Бүгінгі таңда елі үшін ет жүрегі елжіреп, халқы үшін күңіренер ерлер қатары сиреп барады.   Десек те, әр өңірде еңбегімен ауыл - аймағының ардақтысына, халқының қалаулысына айналған жандар да табылады. Осындай  жүрегі жомарт жанның бірі-   жүрегінен жылылығы сезіліп, көзінен шуақ, жүзінен мейірім төгіліп тұратын жерлесіміз, Ұлан ауданының Құрметті азаматы Марат Өмірбекұлы Мұзапаров. 
      Марат Өмірбекұлының Ұлан ауданына сіңірген еңбегі зор. Кіндік қаны тамған туған жеріне үлкен үлесін қосып, игі істер атқарып келеді. Әсіресе әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға  көмек қолын созып, қайырымдылық жасап, сауапты істер жасап, жерлестерінің алғысына бөленуде. 
Аблакет ауылдық округінде өтетін түрлі ауқымды шараларға демеушілік жасап үлесін қосуда. Сағыр ауылдық мәдениет үйіне де үнемі қолдау көрсетіп тұрады. Мәдениет үйінде сахналық киімдер жоқтың қасы болатын. Енді бұл мәселе де шешіліп, жүрегі жомарт, қайырымды жан Марат Өмірбекұлы сахналық киімдер тігу үшін мата алуға қаржылай көмектесті.  Сағыр ауылдық мәдениет үйінің ұжымы Марат Өмірбекұлына деген алғысы шексіз. Жан - жағына шарапатын шашып, қуаныш сыйлай білген Марат Өмірбекұлының еңбегіне толағай табыс, отбасына бақыт тілейміз.  Әрдайым мәртебеңіз биік, жұлдызыңыз жоғары болсын!   

Тұрсынбек Арғынбек,
Сағыр ауылдық
 Мәдениет үйінің меңгерушісі      

 

Категории: